• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Маусым, 2022

Қазақстан паспортын Түркияда 30 күн ішінде ресімдеуге болады

342 рет
көрсетілді

2022 жылдың 1 маусымынан бастап Түркия аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба ҚР Сыртқы және Ішкі істер министрліктерімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатыр және Қазақстанның Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы шетелдік мекемелеріне жүгінген Қазақстан азаматтарына паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктері (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.) мен Жапониядағы (Токио қ.) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.