• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді

1279 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев таңғы сағат 09:00-де республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы өз дауысын ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде берді. Мұнда бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.

Орталық референдум комиссиясы таңғы сағат 8.00-де Қазақстанның 9 947 учаскесі, сондай-ақ Қазақстанның 19 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанындағы 17 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлады. Осылайша дауыс беру референдумның 9964 учаскесінде өтеді.

Сайлау учаскелері 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 11 миллионнан астам қазақстандық сайлау учаскелеріне келе алады, 11 мыңнан астам отандасымыз шетелде дауыс беруге құқылы.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар