Бұл туралы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматыда референдум учаскелері таңғы сағат 06:00 ашылып, 07.00-де дауыс беру басталды. Ешқандай заңбұзушылық тіркелеген жоқ. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. 1388 азаматқа есептен шығару куәлігі берілді», деді Жанна Асанова.
Сонымен қатар ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін (денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының науқас мүшесінің күтіміне байланысты) үйде дауыс беру ұйымдастырылатынын еске салды.
«Бүгін түскі сағат 12:00-ге дейін үй жайында дауыс беруге өтінім қабылданады», деді ол.
Айта кетейік, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр.