• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Қостанай облысында 735 сайлау учаскесі жұмыс істейді

287 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай облысындағы сайлау учаскелерінің бәрі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісіп кетті. Аймақта облыстық, қалалық және  аудандық референдум комиссияларына қарайтын 735  сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссиялардың құрамында 4,5 мың адам бар. Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әсия Дуанбаеваның айтуынша, бүгін облыстың шамамен 550 мыңнан астам тұрғыны өз таңдауын жасауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай қаласындағы №10 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Жұмағалиевтар отбасы келіп дауыс берді.  Сайлау учаскесінің есігі ашылып, еліміздің Әнұраны шырқалып біткен соң, ерлі-зайыпты зейнеткерлер бірден дауыс беру жәшігіне қарай беттеді.   

«Біз бала-шағамыздың, немерелеріміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік. Біз Президентті құрметтейміз, өте білікті басшы және ертеңгі күн елімізді  жақсы өзгерістер күтіп тұр деп сенеміз. Біз осы уақытқа дейін бірде-бір саяси науқаннан тыс қалған жоқпыз», дейді Жүкен Жұмағалиев.     

Дауыс беруге бірінші болып келген зейнеткерлерге шағын кәдесый жасалды.

Аталмыш сайлау учаскесінде 2 662 тұрғын дауыс беруші тіркелген.