• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Жаңа Қазақстанды көргіміз келеді - оқытушы

225 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 28/1 мекенжайына орналасқан 342 дауыс беру учаскесіне тіркелгендер саны - 1955 адам, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дауыс беру басталғалы бері төрт сағат ішінде 480 азамат өз еркімен келіп дауыс беріп,таңдауын жасаған.

Солардың бірі Қазақ Агротехникалық университетінің оқытушысы Ұлзада Әйтімова: «Шынын айтқанда біздің Жаңа Қазақстанды көргіміз келеді. Бұл жерде он түрлі өзгерісті жазған екен,соның ішінде маған ұнағаны 6 бап,4 тараудағы жердің асты-үсті байлығының халыққа тиесілі дегені болды. Сонымен бірге Тұңғыш Президенттің мәртебесін алып тастау дегені де бәрімізге ұнайды деп ойлаймын, өйткені, заң бәрімізге ортақ,ешкімнің де ерекшелігі болмауы керек,барлық азаматтың заң алдындағы құқығы бірдей»,деді.

Референдумда дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Дауыс беруді бақылаушылар тобы мен БАҚ өкілдері де осында отыр.