• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 05 Маусым, 2022

Қазақстанымыз көркем елге айналса екен – Илья Жақанов

438 рет
көрсетілді

Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Атырау қаласындағы №7 учаскеде тіркелген. Бүгінгі бүкілхалықтық референдумнан тыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс берді.

«Бұл референдумның Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор. Біз – Ата заңымызды ерекше құрмет тұтатын халықпыз. Сол себептен, ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға дауыс беру – ел үшін, қоғам үшін қажет қадам. Бұл өзгеріс бүгініміз бен болашағымыз үшін ерекше мәнге ие. Халықтың бүгінгі таңдауы өздері үшін игілікті, әділ әрі әділетті болса екен. Осы референдумның нәтижесінде Қазақстанымыз жан-жақты дамып, көркем елге айналса екен деген тілегім бар. Ұрпағымыз осы өзгерістің игілігін көрсе екен», деп пікір білдірді Илья Жақанов.