• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Маусым, 2022

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің жүлдегерлері атанды

183 рет
көрсетілді

Жібек Құламбаева мен Александр Недовесов Италия мен Англиядағы ірі турнирлерде жұптық сында финалдық матчтарға қол жеткізсе де, шешуші ойындарда өз қарсыластарын жеңе алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Недовесов пен пәкістандық Айсам ул-Хак Куреши Лондонның Сурбитон қаласында өткен турнирдің финалында 135 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорымен британдық Джулиан Кэш пен Анри Паттенге 6:4, 3:6, 9:11 есебімен жол берді.

Недовесовтың осы уақытқа дейінгі активінде «Челленджер» сериясының жарыстарында 24 атақ бар, олардың 21-і жұптық разрядта.

Жібек Құламбаева өз мансабында алғаш рет итальяндық Брешиа корттарында ITF W60 санатындағы жарыстардың финалисі атанды. Латвиялық Диана Марцинкевичпен дуэттегі шешуші матчта Қазақстан құрамасы итальяндық теннисшілерге 4:6, 1:6 есебімен ұтылды.