• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 06 Маусым, 2022

Әділеттілік болса деген арман бар

282 рет
көрсетілді

Қоғамға бір өзгерістің керектігі анық сезілген еді. Сол тұрғыдан алып қарағанда негізі конституциялық реформаларды қамтыған жалпыхалықтық референдумның өткізілгені дұрыс болды.

Саяси науқанға алғашқылардың бірі болып барып, таңмен таласа дауыс бердім. Болашақ ұрпақтың жарқын келе­шегі үшін өз таңдауымды жасадым.

Өнер адамдарының барлығы да саяси науқаннан тыс қалмағанына сенім­­дімін. Конституцияның 33 бабына ен­гізілетін өзгерістердің барлығын толық­­тай қолдаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың супер­пре­зиденттік басқарудан бас тартып, ықпалды Парламент құруға деген ниеті көңіл қуантады. Қазақстан Президенті Жаңа Қазақ­стан идеясын ұсынғаны мәлім. Соның негі­зінде әділетті қоғам құру жолында жан­кешті жұмыстар атқарылып жат­қа­нына ешкімнің күмәні жоқ. Барша­мыз­дың көкейімізде әділеттілік болса де­ген арман тұрды. Енді сол арманымыз ақи­қатқа айналатын кез келді. Сол үшін де мен білетін өнер адамдарының бар­лығы өз таңдауларын жасады. Олар жаңа тұр­паттағы Қазақстанның жарқын қадам­дарын көргісі келеді. Біздің де ой солар­дың пікірімен бір арнаға тоғысып тұр. Билік­тің заңды Парламент арқылы қа­был­дамай, халықпен ақылдасқаны көңіл­ге қонды. Жаңа биіктерге ұмтылған әді­летті қоғамымыздың келешегі кемел болсын!

 

Тілектес МЕЙРАМОВ,

Қазақстанның халық әртісі