• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Маусым, 2022

Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

3838 рет
көрсетілді

Синоптиктер 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Тәуліктік ауа температурасы солтүстікте 23-30 градус, облыстың оңтүстігінде 33 градус, орталықта 27-35 градус, шығыста 28-33 градус, оңтүстікте 36 градус, 37-42 градусқа дейін ыстық болады. Тек республиканың шығысында түнде топырақ бетінде үсік сақталады», делінген хабарламада.