• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Маусым, 2022

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

949 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шұғыл-тергеу тобы К.К.Мәсімов, А.Т.Садықұлов, Д.Е.Ерғожин және өзге де тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. 

2022 жылдың 31 мамырында Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін, Ерғожинді 2022 жылдың 13 шілдесіне дейін ұзартылды», деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен. 

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі осыған дейін бірнеше рет ұзартылған еді. Бұған дейін сот санкцияны 2022 жылдың 6 маусымына дейін берген-ді.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылған еді.

8 қаңтарда К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.