• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Маусым, 2022

Әлихан Смайылов: Азаматтар кез келген платформада еркін жұмыс істеуі керек

205 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең ірі 8 платформаның басшыларымен кездесу өткізді. Нәтижесінде шілдеден бастап, пилотты түрде әр платформаның спецификасына қарай апробация жасалады. Ал жыл соңына қарай қажетті өзгерістерді заңға енгізеді. Әлихан Смайылов онлайн платформаларға қатысты пилоттық жобаны қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егер онлайн платформаларға қатысты пилоттық жоба сәтті жүзеге асатын болса, Яндекс, Юбер секілді платформаларда жұмыс-істейтін азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосылуы мүмкін.

«Бюрократиялық және басқа да кедергілердің бәрін алып тастау қажет. Азаматтар кез келген платформаны еркін таңдап, жұмыс істеуі керек және тиісті тәуекелдер туындағанда өздерінің әлеуметтік жағынан қорғалатынын білуі керек», деді Премьер-Министр.