• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2022

Қостанайда жолаушы автобус жүргізушісіне қастандық жасады

190 рет
көрсетілді

Оқиғаның мән-жайын сол жерде болған куәгерлер мәлімдеді. Келеңсіз жайт бүгін, яғни 7 маусым күні сағат 11.00 шамасында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлер оқиғаның қалалық №12 автобуста болғанын хабарлаған. Кикілжің «Спортзал» аялдамасында орын алған. Қала тұрғыны қоғамдық көліктен жол ақысын төлемей түсіп кеткен.

«Жүргізуші оған жол ақысын төлеу қажеттігін дауыс көтермей ескертті. Жолаушы жүргізушінің автобустан шығуын талап етті де, бұрышты баллонды көзіне шашыратып жіберді. Жүргізуші көзін сүртуге тырысты, ал жолаушы қайтадан баллонды шашып, қашып кетті. Барлығымыз шошып қалдық», дейді оқиға куәгері.

Қостанай ПД баспасөз қызметі оқиға бойынша мәлімдеме жасап үлгерді.

«Өтініш қабылданды. Полиция жасағына ер адамды ұстап алу бұйырылды», делінген департамент өкілдерінің хабарламасында. 

Аружан Амангелді

Соңғы жаңалықтар