• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2022

Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты төлем мөлшері артады

367 рет
көрсетілді

Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілігі, босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әйелдерге төленетін төлем мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заңнамаға сәйкес, әйелдерге жүктілігі бойынша 12 ай бойы төлем жасау керек, мұның бәрі қалады. Біз қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескере отырып, төлем мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз», деді министр.

Оның айтуынша, төлем мөлшерінің артуы декреттегі әйелдерге өз жалақысынан үлкен үлес алуға мүмкіндік береді.