• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2022

Алаяқтың арбауына сенген қария 5 миллион теңгесінен қағылды

201 рет
көрсетілді

69 жастағы ақтөбелік алаяққа сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биржа өкілі жәбірленушімен байланысқа шығып, ақша аударымы мен комиссия үшін, сақтандыру қағазы мен тағы басқа да салықтарды төлеу керектігін айтқан. Айтылған операцияны жүзеге асыру үшін жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген. Ақшаны алған алаяқ кейін кері байланысқа шықпаған, ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арызданды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Салтанат Кенжебай