• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2022

Ұлттық қордан бөлінген 230 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған

442 рет
көрсетілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Ұлттық қордың тұжырымдамасында көрсетілмеген бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ол Президенттің қабылдауынан кейін берген сұхбатында айтты.

«Мен бүгін Мемлекет басшысына Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндадым. Бұл ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі анықталды. 290 млрд теңгеден астам қаражаттың 20 жоба бойынша 20 нысанға Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Заң бұзу фактілері негізінен атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеумен байланысты», дейді комитет басшысы БОРТ №1 телеграм арнасы жарияланған бейнероликте.