• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2022

СҚО-да жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

321 рет
көрсетілді

Петропавлда жалған шот-фактуралар жасаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып келген топты Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтаған.

2018-2020 жылдар аралығында әрекет еткен қылмыстық топты Петропавл қаласының тұрғыны ұйымдастырып, басқарған. Қылмыстық топтың мақсаты коммерциялық ұйымдардың салықтан жалтаруына көмектесу. Осы мақсатта қылмыстық топ бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд теңгенің шот-фактуралар жасаған.

«Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды», делінген хабарламада.