• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Маусым, 2022

Қазақстанда электронды темекіні сатуға және шегуге тыйым салынады

670 рет
көрсетілді

Қазақстанда вейптерді сатуға және оларды шегуге тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Аманжан Жамалов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салынатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтығы, газы – осылардың бәрін Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады», деді ол.

Осыған байланысты Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізіледі.

«Барлық хош иісті темекі бұйымдарын Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталады», деді мәжілісмен.

Сонымен қатар Жамаловтың атап өтуінше, қазір Қазақстанда қыздырылған темекіге (Айкос және Гло) ешқандай салық салынбайды.

Алайда оның денеге әсері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымдары бойынша никотин мөлшері және басқа параметрлері жағынан әдеттегі темекіден кем емес.

«Бүгін депутаттар бұл өнімдерді акциздермен жабу туралы шешім қабылдады. Оларға кәдімгі темекі акциздерінің 70%-ы мөлшеріндегідей акциздер енгізу туралы шешім қабылданды», деп нақтылады мәжілісмен.

Аружан Амангелді