• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қаржы 08 Маусым, 2022

Доллар 3,68 теңгеге қымбаттады

375 рет
көрсетілді

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,68 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 АҚШ долларының орташа бағамы – 433, 45 теңгеге жетті.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 429, 45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 432,44 теңге, сатып алу – 436,78 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 434,08.