• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Маусым, 2022

Қаңтар оқиғасы бойынша істердің 80%-ы жабылды - ІІМ басшысы

190 рет
көрсетілді

Мәжіліс кулуарында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар айындағы оқиғалар бойынша тергеу қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Іс жүзінде қылмыстық істердің 80%-ы аяқталды. 500 адамға шаққанда 300-ден астам қылмыстық іс аяқталды, сот 360 адамды соттады. Біздегі қалған істер тергеліп жатыр, түпкілікті процессуалдық шешімдер қабылданды. 23 адам бас бостандығынан айырылды», деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар ол кәмелетке толмаған 12 құқық бұзушы бойынша іс сотқа жіберілгенін және олар бас бостандығын шектеуге тартылғанын, бірақ қамауда емес екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ахметжанов ұрланған заттар мен қаруды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.