• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2022

Өскемен әуежайынан жолаушылар эвакуацияланды

314 рет
көрсетілді

Өскеменде әуежай мен Қазақстан көшесіндегі ғимараттан адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 11:06-да Қазақстан көшесі, 59-да орналасқан ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шұғыл қызметтер тексеру жүргізу үшін оқиға орнына шықты.

«Келушілер мен қызметкерлер қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды. Тексеріс нәтижелері бойынша келіп түскен ақпарат жалған болып шықты», делінген ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сол күні сағат 15:32-де «102» арнасына әуежайда багажды сканерлеген кезде күдікті зат табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жүр, келіп түскен ақпарат тексеріледі. Жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды», делінген хабарламада. 

Тиісті тексеруден кейін әуежай өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды.