• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2022

Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

225 рет
көрсетілді

Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл іс туралы ақпарат журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланған еді.

«Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.