Сәуірде Toyota Motor көліктерінің әлемдік сатылымы бір жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеп, 763 708-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жапониядағы сатылымдар 16,8 пайызға азайған. Елде дәл осы маркадағы 103 143 көлік, ал өзге мемлекеттерде 660 565 көлік сатылған. Шетелдегі сатылымдар 10,2 пайызға аз.
Қазір Toyota-ның көлік өндірісі ел ішінде 9 пайызға және Жапониядан тыс жерлерде 9,1 пайызға төмендеді.
«COVID-19 індетіне және қосалқы бөлшектерді жеткізуге қатысты жағдайлар түсініксіз болғандықтан, біз осы факторлардың әсерін барынша азайту үшін бар күшімізді салып жатырмыз», делінген жапондық компанияның мәлімдемесінде.