• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Маусым, 2022

Маймыл шешегі 27 елге тарады

331 рет
көрсетілді

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне қарағанда, әлемнің 27 елінде маймыл шешегі ауруы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Індет жұқтыру деректері негізінен Еуропа мен Солтүстік Америкада анықталған.

«Біз Батыс Африкада маймыл шешегі ауруымен ауырған дәрігердің кейінірек қайта вирус жұқтырғанына куә болдық. Иммунитет вирусты қайта жұқтырудан 100% қорғай алмайды», деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешекпен күрес жөніндегі хатшылығының басшысы Розамунд Льюис.

Дүниежүзілік ұйым маймыл шешегі таралуының алдын алуға болатындығын айтты. Науқастарға үйде оқшаулануға кеңес беріледі.

Айта кетсек, ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.