Алматыда жолаушылар пойызы темір жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өткен ер адамды қағып кетті. Түрлі дене жарақаттарын алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«8 маусым күні сағат 22:10-да көлік полициясының кезекші бөліміне белгіленбеген жерде темір жолдарды кесіп өткен ер адамды жолаушылар пойызы қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Алған жарақаттарынан зардап шеккен адам ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға Алматы-1 және Алматы-2 станциялары арасындағы учаскеде орын алды», деп хабарлайды Көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері нақтылағандай, бұл факт ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелген (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану қағидаларын бұзу).