• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Маусым, 2022

Қазақстан QazVac-ты өзге елдерде тіркеу жұмысын жалғастыруда

267 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үкімет шетелдік серіктестерімен келіссөз жүргізді. Қазіргі уақытта құпиялылық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар отандық QazVac вакцинасын қызығушылық танытқан елдерде ілгерілету мақсатында құжаттарды толтыру жұмысы қолға алынған. Бұған қоса, QazVac-ты қызығушылық танытқан мемлекеттерде тіркеу жұмысы жалғасып жатыр», деді Бақыт Сұлтанов.

Министр Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Аталған құжатта халықаралық технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтарды, репатрианттарды, бұрынғы Қазақстан азаматтарын іздеу, олардың Отанына оралуы үшін қолайлы жағдай жасау алгоритмі қарастырылады.

«Виза алуға арналған қолдаухат беру мерзімі 5-тен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Визалық портал арқылы бірреттік Е-инвесторлық виза рәсімдеу қызметі жүзеге асырылды. Бұған қосымша, инвесторлық виза иелерін жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеуге рұқсат талап етпейтін тұлғалар тізіміне қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. Толықтай алғанда, барлық мемлекеттік орган хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдады», деді ол.