• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2022

Сомалидің жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті

190 рет
көрсетілді

Ант беру рәсімі Могадишода өтті. Іс-шараға көрші елдердің президенттері, сондай-ақ көптеген елдердің министрлері мен дипломаттары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рәсімде сөйлеген сөзінде президент Махмуд қауіпсіздік пен экономика саласындағы проблемаларды еңсеру үшін жұмыс істеуге, сондай-ақ бейтарап және бейбіт сыртқы саясат жүргізуге уәде берді.

Эфиопия премьер-министрі Ахмед Сомалидің жаңа Президентінің бейбіт бағытына қанағаттанушылығын, сондай-ақ ресми Могадишоға толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Кения президенті Кенияның әр тұрғыны Сомалиге амандық тілейді деп сендірді.

Махмуд 2012 жылдан 2017 жылға дейін Сомалидің президенті болды. Ол бұл лауазымды екінші рет қабылдаған алғашқы саясаткер.