• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Маусым, 2022

Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

792 рет
көрсетілді

ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады. Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті;

ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.

2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.