• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Маусым, 2022

Елдегі 434 кәсіпорынның 8,8 мың жұмыскерге берешегі бары анықталды

247 рет
көрсетілді

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешегі бары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», делінген ведомство хабарламасында.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді», деп толықтырды министрлік.