Нұр-Сұлтанда 5 қарашаға дейін әр демалыс күні 40-тан астам жергілікті және өзге өңір кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеге ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауылшаруашылық жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, сол сияқты ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады. Олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылады. Жәрмеңке маусымына Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады.
Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.