Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз қызметін жалғастыра береді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.