• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2022

Атырау облысында 14 медициналық емдеу нысаны салынады

197 рет
көрсетілді

Атырау облысында 14 медициналық емдеу нысаны салынады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма басшысының айтуынша, Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 14 медициналық емдеу нысанын ашу енгізілген. Қазір 4 нысанның құрылысы басталған.

«Облыстың денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар. Онда 6 747 медицина қызметкері тұрғындарғы қызмет көрсетеді. Атырау қаласындағы «Өркен», «Нұрсая» шағын аудандарында №4 және №5 қалалық емханаларға қосымша 250 келушіні қабылдайтын екі қалалық емхана құрылысын салу жоспарланып отыр. Емханалардың жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар, 250 емделушіге арналған психикалық денсаулық орталығы салынады. Оның құрылыс жұмыстары осы жылдың 4-тоқсанында басталады», дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында құрылысы басталатын жедел жәрдем стансасын 3 подстанциясымен салу жобасына түзету енгізілген. Қазір жаңа жоба ішкі аудит департаментінде сараптамадан өткізіліп жатыр.

«Жаңа нысаның құрылысын 3-тоқсандан бастау көзделген. Облыстық онкологиялық диспансер маңынан радиологиялық корпус салу жоспарланып отыр. Оның жобалық-сметалық құжатын дайындау қолға алынды», деп мәлім етті басқарма басшысы.