• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Маусым, 2022

Қазақстанның бірнеше облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

207 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда күндіз 13 маусым күні бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысыңда, оңтүстік-шығысыңда орталығында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысыңда, оңтүстік-шығысыңда орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетау 13 маусым күні күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

13 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында желдің секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 13 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 13 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағандыда күндіз 13 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Жезқазғанда күндіз 13 маусымда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

13 маусымда түнде Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с.

Өскеменде түнде 13 маусымда найзағай ойнайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жауын жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Талдықорғанда 13 маусымда күндіз кей уақытта найзағай ойнайды.