• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Маусым, 2022

Грузияға 36 мың доллар өткізбек болған қазақстандық ұсталды

275 рет
көрсетілді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстаннан 36 мың долларды заңсыз алып кету әрекеті туралы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитеттің мәліметінше, оқиға 12 маусымда болған.

«Шымкент-Кутаиси» халықаралық рейсінде Кедендік бақылау жүргізу барысында 36 000 доллар (15 905 240 теңге) сомасындағы қолма-қол ақша қаражатын заңсыз әкету әрекеті кезінде «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан азаматын ұстады», делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Азаматтың әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық байқалған.

«Аталған факті бойынша іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған сотына жолданды», делінген хабарламада.