• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Маусым, 2022

Доллар бағамы өсті

481 рет
көрсетілді

КASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 436,18 теңгені құрап, 0,65 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 64,65 теңгені (-0,60) құрады.

Еуро мен рубль бойынша сауда жүргізілген жоқ. Өткен сауда-саттықта Ресей рублінің орташа бағамы 7,33 теңгені құрады.

Еуроның орташа бағамы - 460,04 теңге.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 435-439 теңгеден, еуроны – 456-462 теңгеден сатып алады/сатады.

Рубль - 6,6-7,05 теңге.