• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Маусым, 2022

Шымкентте алкоголь өнімін шығарып келген астыртын цех анықталды

160 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленген.

Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленген.

«Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады», деп мәлімдеді ҚМА баспасөз қызметі.