• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2022

Қазақстан ДСҰ мүшелерін әлемдік азық-түлік дағдарысын тезірек шешуге шақырды

144 рет
көрсетілді

Әлемдегі тасымал тізбегінің бұзылуы, климаттың өзгеруі, дамушы елдердегі халықтың өсуі азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін бұрынғыдан да өзекті етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің барлық елдері азық-түлік бағасының қарқынды өсуіне тап болды. Саудадағы шектеулер азық-түлік тапшылығы бар аймақтар үшін жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкеледі.

Бұл тақырып осы күндері Женевада Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясында назардан тыс қалған жоқ.

Қазақстан делегациясының басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған сессияда сауда және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі министрлік декларациясының жобасын және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын сатып алуға қатысты экспорттық шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл шешім, тіпті мұндай өнімді жекелеген елдерден тыс жерлерге әкетуге толық тыйым салынған жағдайда да, апатқа ұшыраған өңірлерге азық-түлік жеткізудің гуманитарлық бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов: «ДСҰ-ның барлық елдерін Қазақстанның үлгісімен жүруге және осы конференциядан әлемдік азық-түлік дағдарысынан арылуға мүмкіндік беретін нақты шешімдер қабылдауға шақырамын», деді.

Айта кетсек, ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы Әлемдік сауда саясатындағы маңызды оқиға саналады.