• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экология 15 Маусым, 2022

«Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа ілінді

575 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның видеосы «Алтынемел» ұлттық саябағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Сібір тау ешкісі ежелден табиғи парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты.

«Фототұзаққа сібір тау ешкісінің текесі түсіп қалды. Видеодан оның семсер тәрізді 1 метрдей мүйізін көруге болады», делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Алтынемел» ұлттық паркінің фототұзағына Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы түскен болатын.