• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Маусым, 2022

Хаменова ісі: Алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді

400 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің  бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

«Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», деді соттың баспасөз қызметінің өкілі.

Еске сала кетейік, экс-шенеунік «пара алды» деген күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те қамауда отыр.