• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Маусым, 2022

Ұлттық құрылтай не үшін құрылғаны айтылды

1408 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың құрылу себебі мен оның мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын аяқтағанымен оның негізгі мүшелері Ұлттық құрылтай құрамына кірді. Мемлекет басшысы жаңа құрылым жайында алғаш рет наурыздағы Жолдауында мәлімдеген болатын. Ұлттық құрылтай не үшін құрылды? Ол қоғамның бірігуін нығайту және кеңейтуге идеялар мен қадамдар іздеу әрі әзірлеу үшін диалог платформасына айналуды мақсат тұтады», деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың Ұлттық қоғамдық кеңестен қандай айырмашылығы барын айта кетті.

«Егер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталас тақырыбы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, саяси реформалар мәселесі болса, ал Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғам бірігуінің одан ары дами түсуіне қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болады», деп жазды Ерлан Қарин.

Ол Ұлттық құрылтай құрамына енген  бірқатар танымал тұлғаларды атады.

«Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойып, онда оның ережесі мен құрамы бекітілді. Жаңа қоғамдық институттың мүшелері қатарында мынадай танымал тұлғалар бар: танымал композитор, жазушы, Қазақстанның Еңбек ері Ілия Жақанов; Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов; қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров; танымал журналист әрі қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам; көрнекті ғалым-математик, академик Асқар Жұмаділдаев; ірі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Күлекеев; танымал мемлекет қайраткер, саясаткер Әлихан Бәйменов; журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи; мемлекет және қоғам қайраткері, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов; әлем чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов; ғалым-биотехнолог, «QazVac» вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария; қоғам қайраткері, дінтанушы Қайрат Жолдыбай; танымал тілші-ғалым Анар Фазылжанова; эколог, азаматтық белсенді Азамат Әміртаев. Сонымен қатар Қазақстанға танымал өзге де тұлғалар кірді. Ұлттық құрылтайдың құрамында жалпы 117 қатысушы бар», деп жазылған хабарламада.