• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 15 Маусым, 2022

Жаңа Қазақстан бір күнде құрыла салмайды – Мәжіліс төрағасы

416 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Ерлан Қошановтан Жаңа Қазақстанды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын сұрады.

«Жаңа Қазақстанда ашықтықты көріп отырсыздар, жасандылықтан кетіп жатырмыз. Жаңа Қазақстан бір күнде құрыла салмайды. Өздеріңіз де өзгерулеріңіз керек. Сондықтан әр адам өзіне осы сұрақты қойғаны дұрыс. Жалпы қоғамның өзгергені маңызды», деді Е.Қошанов.