• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Маусым, 2022

Биыл бюджетке 6 млрд-тан астам салық түскен

215 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 6 293,1 млрд теңге салықтық түсімдер түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 145,3 млрд теңгеге көп. Бекітілген жоспар - 5 894,2 млрд теңге, ол 398,9 млрд теңгеге асыра орындалып, 6 293,1 млрд теңге бюджетке түскен.

«Республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыстан түсті – 624,1 млрд теңге. Ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы – 494,4 млрд теңгеге, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары – 356,5 млрд теңгеге, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы – 112,8 млрд теңгеге, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы – 70,5 млрд теңгеге және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 млрд теңгеге өскені байқалады», деп жазды ведомстводан.

Комитеттің мәліметінше, түсімдердің өсуіне мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтынға 4,4% бағаның артуы ықпал еткен. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі де 56,4%-ға өсті.