Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда үлкен саяси реформалар басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, «алдымен экономика - содан соң саясат» формуласы тоқсаныншы жылдардың басында өте пайдалы болды.
«Адамдардың азаматтық белсенділігін арттыру үшін саяси өзгерістер жасауымыз керек екенін түсіндім. Бұл қоғамның үлкен сұранысы болды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ ол Қазақстанда үлкен саяси реформалар басталғанын айтты.
«2019 жылы біз бейбіт жиналыстар туралы заңды әзірлеуге кірістік. Содан соң, әйелдер үшін 30% квота енгізілді. Парламенттік реформа басталып, референдум өткізілді. Бұл - саяси құрылымды өзгерту мақсатында басталған науқан. Мен өркениетті президенттік жүйеге көшуді қажет деп санадым. Онда ықпалды Парламент тиісті орын алады, атқарушы билік өз рөлін атқарады және Парламент өз халқы алдында толық есеп береді», дей келе Президент төменгі палатаға келесі сайлау мүлдем жаңа ережелер бойынша өтетінін сөз етті.