• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2022

Елордада тамақтан уланудың тағы 7 дерегі тіркелді

903 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«16 маусым күні сағат 09:00-дегі жағдайға сәйкес тамақтан уланудың тағы 7 дерегі тіркеліп, науқастардың жалпы саны 98-ге жетті», делінген Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 9-10 маусымда департаменттің аудандық басқармаларына қала ауруханаларынан тағамнан улану жағдайы тіркелгені туралы шұғыл хабарлама түскен еді.

Науқастардың барлығы бір ауыздан бұл жағдай елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ жегеннен кейін болғанын айтады. Дәл сол уақытта 64 науқас медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылса, 12-сі амбулаториялық ем алған.

Соңғы жаңалықтар