• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2022

Атырауда науқастың өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты

270 рет
көрсетілді

Атырауда кәсіби міндеттерін дұрыс орындамаған дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Құрманғазы аудандық стационардың инфекционист дәрігері мен анестезиолог-реаниматологы 2020 жылдың аяғында «пневмония» және қант диабеті диагнозымен ауруханаға түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген. Ақ халаттылардың кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы салдарынан науқас қайтыс болыпты.

Күдіктілердің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденген. Сот үкімі бойынша дәрігерлерге екі жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бірақ рақымшылық жасау заңына сәйкес олар темір торға қамалмайды.   Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 8 млн теңге моральдық залал өтемақысы өндірілді.

«Сотталушыларға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындай отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылдық жасау жөніндегі заңның негізінде олар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды», деді Құрманғазы аудандық сотының судьясы Бейбітгүл Меңсейітова.