Эквадор астанасы Китода жүздеген студент қазіргі президент Гильермо Лассоға қарсы наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Студенттер Каронделет үкімет сарайы орналасқан орталыққа жиналды. Шерушілер үкіметтің экономикалық саясатына наразы.
Шерушілер тас лақтырып, жолдарды жауып тастаған соң, полиция алаңдағы жастарға су атқыш құралдар мен көзден жас ағызатын газ қолданып таратты.
Айта кетсек, жаңа экономикалық саясатқа наразылық акциясын Эквадордың байырғы халықтар конфедерациясының өкілдері де қолдап отыр.