• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Маусым, 2022

АрселорМиттал Теміртау кәсіпорнында тағы бір жұмысшы көз жұмды

329 рет
көрсетілді

Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жылу электр орталығында монтаждаушы биіктен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін ЖЭО-2 №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде күтпеген жағдай болды. 1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды», деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір іс тергеліп жатыр. «AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар