Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті – қазақ халқының тілінің, ділінің және дінінің сақталуына адал қызмет ету.
Қоғамдағы еркін, азат ойлы азаматтардың биік мінберлерден ұлтқа қатысты ұлағатты ой-тұжырымдар жасап, парасатты пікір айтуы өміршең өзгерістердің оң нышаны деуге болады.
Ұлттың барлық құндылығы ұя салған қасиетті Ұлытаудың төрінде өткен Ұлттық құрылтайды Жаңа Қазақстанда болып жатқан реформалардың бастауында тұрған бағалы ұйым деп бағалауға болады.
Ислам БАЙРАМУКОВ,
еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері