АҚШ-тың Алабама штатында орналасқан шіркеуге жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алабама полициясының мәлімдемесіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00 шамасында Әулие Стивен шіркеуінің ішінде 3 адам оққа ұшқан.
Оқ атқандардың бірі қайтыс болып, тағы екеуі жараланып, ауруханаға жеткізілген.
Шабуылға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталды.