Бұл дерек былтырғы мерзіммен салыстырғанда 18,2 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Санитар мамандар бұралқы иттердің көбеюіне байланысты тұрғындарға сақ болу керегін еске салады. Себебі құтырма дертіне шалдығу қауіпі бар. Алға ауданында мұндай бір дерек тіркелді. Осыдан кейін мамандар тиісті жұмыстарды белсенді жүргізе бастады.
«800-ден астам адам ит пен мысықтан зардап шеккен. Оның басым бөлігі 6-14 жас аралығындағы балалар. Балалар далада көп ойнайды. Кейде олар ата-ана бақылауынсыз қалады. Ит-мысықты ұстап, ойнағысы келеді. Сондықтан белгісіз иттер қапса, әлде жалаған болатын болса міндетті түрде бірден дәрігерге қаралу керек», деді облыстық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.