Мексикада мейрамханаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға елдің солтүстігіндегі Чиуауа қаласында болған.
Қарулы адамдар мейрамханада болған бір топ адамды атып тастаған. Салдарынан 4 адам қайтыс болды. Олардың арасында әйелдер де бар.
Бір адам ауыр жарақат алған.
Куәгерлердің айтуынша, мейрамханаға жеті адам шабуыл жасаған. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді ұстау операциясын жүргізіп жатыр.